Әзербайжанда бүлік шыққан қала басшысы ауысты

Фотография - Әзербайжанда бүлік шыққан қала басшысы ауысты

Исмаилие қаласының басшысы Низами Алекперовті қызметінен босатты.

155 0

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өткен айда наразылықтар болған Исмаилие қаласының басшысы Низами Алекперовті қызметінен босатты.

Қаңтарда осы қалада үкіметтегі бір министрдің баласы жол апатын жасаған соң жергілікті тұрғындар наразылық танытқан еді. Олар министрдің баласының иелігіндегі қонақүйді, бірнеше қымбат көліктерді өртеп, қала басшысы Низами Алекперовтің орнынан кетуін талап еткен.

Сейсенбіде оқиғаға қатысты алғаш рет сөйлеген Ильхам Әлиев шенеуніктерді "өз-өздерін дұрыс ұстамаса" оның салдары ауыр болатынын ескертті. Әлиев бұған қоса балалары халықтың намысына тиген шенеуніктер қызметтерінен айырылатынын да айтты. 

Алекперовтің орнына бұған дейін аграрлық университеттің ректоры болған Мирдамед Сагидов тағайындалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!