Шариғат шәлісін жамылып жүруге тыйым салған профессор сотталып кетті

Фотография - Шариғат шәлісін жамылып жүруге тыйым салған профессор сотталып кетті

Егей университетінің профессоры Реннан Пекунлю шариғат талабына сай киініп келген студентті дәріске қатыстырмағаны үшін 2 жыл 1 айға абақтыға жабылды

178 0

Егей университетінің профессоры Реннан Пекунлю шариғат талабына сай киініп келген студентті дәріске қатыстырмағаны үшін 2 жыл 1 айға абақтыға жабылды. Бұл жайында Timeturk хабар таратты.

Измирдің қылмыстық соты студенттің білім алу құқығын шектеген профессордың әрекетін заңға қайшы деп тапты. Соттың бұл үкіміне қанағаттанбаған профессордың қорғаушысы Жоғарғы сотқа аппелациялық шағым түсірді. Одан Жоғарғы сот палатасының аппелациялық шағымды ресми түрде мақұлдауды талап еткен хат келді.

Түрік заңы бойынша Жоғарғы соттың ресми сұрауын қанағаттандыру үшін талапкерге 7 күн мұрсат берілген. Егер осы аралықта мақұлдауға қол жеткізетін болса, Сот істі қарап, шешім қабылдайды. Аппелациялық арызды қараудан бас тартса, профессор темір торға «тоғытылады».

Бүгіндері түрік қоғамында шариғат шәлісіне қатысты мәселе өзекті болып тұр. MilliGazete газетінде жазылғандай, осыдан бірнеше күн бұрын Газиантепеде Түркияның сәулетшілер және инженерлер палатасы Сибель Шаханға химия өнеркәсібінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін міндетті сертификатты беруден бас тартқан. Бұған оның шариғат шәлісін жамылып, суретке түскені себеп болған.

Осыған ұқсас жағдайды Кахраманмарашеде тағам өнеркәсібінің инженері Эсро Бакир де басынан кешірді. Сонымен бірге, Бурсада құрылыс инженері Нуртен Топалоглу да осындай себеппен сертификатын ала алмаған болатын. Өткен аптада шариғат шәлісін жамылғаны үшін Бетюль Коч Тағам өнеркәсібінің инженерлер палатасының мүшелігіне өте алмады.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!