Ресейде Грузия депутатына айып тағылды

Фотография - Ресейде Грузия депутатына айып тағылды

 Бірақ оппозиционерлер мен Таргамадзе айыпты жоққа шығарады

172 0

Ресей билігі Грузия парламентінің депутаты Гиви Таргамадзені өткен жылдың мамыр айында Мәскеудің Болотной алаңындағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыптады.

Ресей тергеу комитетінің хабарлауынша, таяуда депутатқа федералдық іздеу жарияланады. Құқық қорғау органдары Грузия Ресейге берген ақпаратында Таргамадзеге депутаттық қол сұғылмаушылық құқы берілмегенін айтқан.

Өткен жылдың күзінде Кремльге жақтас телеарналардың бірінде деректі фильм көрсетілген еді. Онда Таргамадзенің Мәскеуде "бүлік ұйымдастыру үшін Ресей оппозициясының өкілі Сергей Удальцовпен кездескені" айтылады.


Фильмнен кейін Удальцов пен басқа да оппозиционерлер - Константин Лебедев пен Леонид Развозжаевқа Болтной алаңында үкіметке қарсы наразылық акциясын ұйымдастырды деген айып тағылған еді. Бірақ оппозиционерлер мен Таргамадзе айыпты жоққа шығарады.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!