Пәкістанда жойқын жарылыстан 16 адам көз жұмды

Фотография - Пәкістанда жойқын жарылыстан 16 адам көз жұмды

Пәкістанда үш жойқын жарылыс болып, 16 адам қаза тапты.

154 0

Пәкістанда үш жойқын жарылыс болып, 16 адам қаза тапты. Жараланғандар саны 25-ке жеткен. Дүмпу Оракзай елдімекенінде Ауғанстан мемлекетімен шекаралас аймақта жаңғырды.

Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, жергілікті әкімшілік қызметкерлері мінген автобус жол бойында кетіп бара жатқанда жарылған. Екінші дүмпу осы аймақта болған. Әзірге, нақты оқиға орны белгісіз. Ал үшіншісі көрші провинция Хайбер-Пахтунхвада болды. Жанкешті әскери бөлімнің маңында жарылғыш затты іске қосыпты. Полицейлердің алдын ала болжамдарына қарағанда, бұл лаңкестік әрекетке жергілікті тәліптер жауапты. Қазір зардап шеккендерге қажетті жәрдем көрсетіліп жатыр. Іс бойынша тергеу басталды.


Тегтер:

жарылыс болды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!