Чилиде өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды

Фотография - Чилиде өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды

Чилиде орманнан алапат өрт шықты. Елдегі ірі қалалардың бірі Вальпараисода төтенше жағдай жарияланды

136 0

Чилиде орманнан алапат өрт шықты. Елдегі ірі қалалардың бірі Вальпараисода төтенше жағдай жарияланды.

Жергілікті Қорғаныс министірлігінің хабарлауынша, тілсіз жау тез қарқынмен тарап, 60 шақты үйді шарпып үлгерген. Қазір қауіп төнген аудандардан 500-ден астам отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Лапылдаған отпен күресуге өрт сөндірушілерге екпінді жел кедергі келтіруде. Жалынмен күресуге әскерилер, өртсөндірушілер мен тікұшақтар жұмылдырылды. Жергілікті телеарналар арқылы орман өрті түсірілген түрлі бейнетаспалар жарық көрді. Қазір денелерін күйік шалған тұрғындар ауруханаларға дәрігер көмегін сұрап келіп жатыр.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!