Грекияда зейнеткерлер шеруге шықты

Фотография - Грекияда зейнеткерлер шеруге шықты

Афиныда жаңбырлы күнге қарамастан жүздеген зейнеткер шеруге шықты.

219 0

Грекияда халық наразылығы өршіп келеді.

Афиныда жаңбырлы күнге қарамастан жүздеген зейнеткер шеруге шықты. Қариялар елдегі әлеуметтік жағдайдың күрт төмендеп кеткеніне шағымданып, үкіметтің жүргізген қатаң үнемдеу шараларына қарсылық танытты. Шатыр ұстаған зейнеткерлер қаржы министірлігі үйінің алдына жиналды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, биыл қаңтар айынан бастап зейнетақы көлемі 15%-ға дейін азайып, кейбір мемлекеттік жеңілдіктер қысқартылған. Сондай-ақ, «Пасха» және «Рождество» мерекесі күні берілетін сыйақылар толық қысқартылды. Қаржы қыспағы кесірінен жергілікті билік әлем кредиторларынан көмек алу үшін қатаң үнемдеу шараларына баруға мәжбүр. 2009 жылдан бері елде жүргізілген бірқатар экономикалық реформалардан жұмыссыздық деңгейі өсіп, салық көтерілген, жалақы мен зейнетақы көлемі айтарлықтай кеміді.

Панайотис БАЛДАС, зейнеткер:

- Елде қалыптасқан ахуал қиындай түсті. Жағдайымыз күннен-күнге нашарлап барады. Егер билік басындағылар жағдайды түзеу үшін қатаң шараларды қолға алмаса, балаларымызың, немерелеріміздің болашағынан қандай үміт күтеміз.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!