Оңтүстік Африкалық мүгедек спортшыға айып тағылды

Фотография - Оңтүстік Африкалық мүгедек спортшыға айып тағылды

Оңтүстік Африкалық мүгедек жеңіл атлет, паралимпиада ойындарының чемпионы Оскар Писториусқа "болашақ жарын өлтірді" деген айып тағылды.

133 0


Оңтүстік Африкалық мүгедек жеңіл атлет, паралимпиада ойындарының чемпионы Оскар Писториусқа "болашақ жарын өлтірді" деген айып тағылды.

Писториустың Преториядағы үйінен бейсенбіде көңіл қосып жүрген қызы, 30 жастағы модельер Рива Стенкамптың өлі денесі табылып, спортшы тұтқындалған еді. Полиция Стенкампты төрт рет атып өлтірілгенін хабарлаған.

Паралимпиада ойындарында үш мәрте алтын иеленген Писториустың екі аяғы тізесінен төмен қарай кесілген. Ол Оңтүстік Африканың ұлттық батыры саналады.  Жарыста ол пластикалық протез аяқпен жүгіреді. Писториус Оңтүстік Африканың атынан 2012 жылы Лондондағы олимпиадаға қатысқан.


Тегтер:

Африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!