Түркия Сирияға жауапты соққы жіберді

Фотография - Түркия Сирияға жауапты соққы жіберді

15 ақпан күні Түркия көрші Сирияның шекаралас аумағындағы учаскелердің біріне соққы жасады.

187 0

15 ақпан күні Түркия көрші Сирияның шекаралас аумағындағы учаскелердің біріне соққы жасады.

Бұл сириялық снаряд Түркияның Хатай провинциясында жарылғаннан кейін көп кешікпей болды, деп хабарлайды Утро.ру сайты.

Кезекті шиеленісті кім бастағандығы - Башар Асадтың әскері немесе көтерілісшілер екендігі хабарланбайды. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

Бұл ағымдағы апта ішінде түркия-сирия шекарасында болған жалғыз оқиға емес. Бұған дейін, 11 ақпан күні Рейханлы қаласының Джильвегезб Бақылау-өткізу бекетінде сириялық нөмірлері бар автокөлік жарылды. Машина Сирияға гуманитарлық көмектерді жөнелтетін көліктерге арналған тұрақта тұрған болатын. Жарылыс Түркия жағынан шекара сызығынан небәрі 40 метр жерде болды. Салдарынан 12 адам мерт болды, ондағаны жарақаттанды.

Сирия мен Түркия арасындағы қарым-қатынас 2012 жылдың маусым айының соңында шиеленісе түсті. Ол кезде Сирия әскері Түркияның RF-4E барлау ұшағын соққылап, құлатқан болатын, екі пилот та көз жұмды. Кейінірек, қазан айының басында түркиялық Акчакал уезінде сириялық аумақтан ұшырылған артиллериялық снарядтар құлады. Жарылыстан 5 адам қаза болып, 11-і жарақаттанды.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!