Венесуэла президентіне жасалған ота сәтті өтті

Фотография - Венесуэла президентіне жасалған ота сәтті өтті

Венесуэла президенті Уго Чавестің денсаулығы жақсарып келеді. Бұл туралы жергілікті баспасөз өкілдері хабарлады.

190 0

Венесуэла президенті Уго Чавестің денсаулығы жақсарып келеді. Бұл туралы жергілікті баспасөз өкілдері хабарлады.

Газет бетіне Чавестің соңғы операциядан кейінгі жанұясымен түскен бірінші суреті басылып, жергілікті телеарналарда да көрсетілді. Жылы хабарды естіген ел тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Тұрғындар Каракастың көшелеріне шығып бір-бірін құттықтап , мәз мейрам болып жүр. Қазір Чавес Кубадағы ауруханалардың бірінде радиациялық терапияның ем-домын қабылдап жатыр. Соңғы рет Чавес ел алдына өткен жылы шыққан екен. Таяуда елдің оппозиция өкілдері «Чавестің денсаулығын құпия сақтады» деп наразылығын білдіріп, ел билігін сынға алған болатын.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!