АҚШ Ираннан оппозиция басшыларын босатуды талап етті

Фотография - АҚШ Ираннан оппозиция басшыларын босатуды талап етті

АҚШ мемлекеттік департаменті Ираннан қазіргі уақытта сол елде үйқамақта отырған оппозиция жетекшілері Мир-Хусейн Мусави мен Мехди Каррубиді бостандыққа шығаруды талап етті

166 0


АҚШ мемлекеттік департаменті Ираннан қазіргі уақытта сол елде үйқамақта отырған оппозиция жетекшілері Мир-Хусейн Мусави мен Мехди Каррубиді бостандыққа шығаруды талап етті.

Бұған дейін Еуропалық одақ тарапынан да ресми Тегеранға осындай талап айтылған еді.

Осыдан бірнеше күн бұрын Иран билігі Мусави мен Каррубидің балаларының үйіне тінту жүргізген соң оларды ұстап әкетіп, артынша қамаудан босатты. АҚШ Мир-Хусейн Мусави мен Мехди Каррубидің 2011 жылы ақпанда ешқандай айып тағылмастан үйқамаққа алынғанын атап көрсеткен. Мусавимен бірге оның әйелі құқыққорғаушы Захра Рахнавардта қазір үйқамақта отыр.

Мир-Хусейн Мусави мен Мехди Карруби Иранда 2009 жылы өткен президент сайлауына үміткер ретінде қатысқан. Бірақ ол сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, Махмуд Ахмадинежад жеңіске жетіп, Иран оппозициясын қолдаған көпшілік жұрт елде жаппай наразылық акцияларын өткізген еді.

Иран билігі бейбіт наразылықты күшпен басып, оппозицияның белсенділерін түрлі айыптармен қамауға алды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!