Карла Бруни-Саркози Сан-Ремода жаңа әнін шырқады

Фотография - Карла Бруни-Саркози Сан-Ремода жаңа әнін шырқады

Францияның бұрынғы бірінші ханымы Карла Бруни Сан-Ремодағы эстрада әндерінің танымал фестивалінің қонағы болды.

114 0

Францияның бұрынғы бірінші ханымы Карла Бруни Сан-Ремодағы эстрада әндерінің танымал фестивалінің қонағы болды.

Экс-модель әрі әнші гитараның сүйемелдеуімен өзінің жаңа композициясын орындады, деп хабарлады Росбалт.

Күйеуі Николя Саркози Франция президенті тағынан кеткеннен кейін ол жаңа, төртінші альбомын шығарды, деп хабарлады «Новаолитика».

Сан-Ремодағы биылғы фестиваль Джузеппе Вердидің «Набукко» операсынан үзіндімен ашылды, биыл композитордың туғанына 200 жылдығы атап өтіледі.

Сонымен қатар қонақтар мен көрермендер өткен жылдың наурыз айында өмірден өткен танымал әнші және композитор, атақты    опера әншісі Энрико Карузоға арналған  Caruso әнінің авторы Лучо Даппаны еске түсірді.

Сондай-ақ алғашқы кеште «Аристон» театрының сахнасында қонақ ретінде Тото Кутуньо ән салды. Ол өзінің атақты «Нағыз итальян» әнімен қатар, «Мәскеу түбіндегі кештер» әнін орыс тілінде орындады.

Кутуньо фестивальдің кәсіби жетістіктері үшін жүлдесіне ие болды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!