Португалияда халық шеруге шықты

Фотография - Португалияда халық шеруге шықты

Еуропа қаржы қыспағынан арылмады. Португалия астанасы Лиссабонда мыңдаған адам қатаң үнемдеу шараларына қарсы шеруге шықты.

191 0

Еуропа қаржы қыспағынан арылмады. Португалия астанасы Лиссабонда мыңдаған адам қатаң үнемдеу шараларына қарсы шеруге шықты.

Халық келер жылға жоспарланған мемлекет шығындарын 4 млрд еуроға қысқартуға наразы.Жиналған топ үкіметтен жалақы мен зейнетақы көлемін өсіріп, салықты азайтуды талап етті. Сондай-ақ, ашуға ерік берген жұрт елдегі жұмыссыздық деңгейінің өсуіне шағымданып отыр. Елде екі қолға бір күрек таппай жүргендердің саны 923 200 адамға жетті. Ал жастар арасындағы жұмыссыздық 40%-ға жеткен. Билік болса, мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы Еуроодақ пен Халықаралық валюта қорынан кезекті несие алуға ұмтылады.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!