Арменияда президент сайлаулары басталады

Фотография - Арменияда президент сайлаулары басталады

Арменияда бүгін екі күнге созылатын президент сайлаулары басталады. Бұл - Армения тәуелсіздік алғалы бергі бесінші президент сайлауы

223 0


Арменияда бүгін екі күнге созылатын президент сайлаулары басталады. Бұл - Армения тәуелсіздік алғалы бергі бесінші президент сайлауы.

Сайлауға барлығы жеті үміткер қатысады. Соңғы жүргізілген сауалнамаларға қарағанда, қазіргі президент Серж Саркисяннің өз қызметін сақтап қалуға мүмкіндігі мол. Оған сайлаушылардың шамамен 70 пайыздайы дауыс беруге әзір.

Сайлау кампаниясы барысында тосын жайттар көп болды. Президенттікке үміткерлердің біріне қастандық жасалып, екінші үміткер аштық жариялады. 2008 жылғы президент сайлауында Саркисянның жеңіске жеткені хабарланған соң елде наразылық танытушылар мен полиция арасында қақтығыс болып, 10 адам құрбан болған еді.

Қазір Армения әлемдік қаржы дағдарысының қиындықтарынан құтылуға тырысып жатыр. Елдегі экономикалық жағдайды Әзербайжан мен Түркия енгізген блокада да қиындатып отыр. 1990 жылдардағы Таулы Қарабахтағы соғыстан соң Баку мен Анкара Әзербайжанға экономикалық блокада енгізген еді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!