Оңтүстік Кореяда бір күнде мыңдаған жұп некесін қиды

Фотография - Оңтүстік Кореяда бір күнде мыңдаған жұп некесін қиды

Оңтүстік Кореяның Капхен қаласында бір уақытта мыңдаған жұп некелесті. Ақ көйлек киген қалыңдықтар мен жігіттер қаз-қатар тізіліп, салтанатты рәсімге қатысты.

506 0

Оңтүстік Кореяның Капхен қаласында бір уақытта мыңдаған жұп некелесті. Ақ көйлек киген қалыңдықтар мен жігіттер қаз-қатар тізіліп, салтанатты рәсімге қатысты.

Жас жұбайлар би билеп, дастархан жайып, қонақ күтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаппай неке қию рәсіміне 3 мыңнан астам жұп тапсырыс беріпті. Осылайша, бір күнде, бір уақытта неке қию үрдісі елде дамып келеді.

Бұндай шаралар көптеген елде әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға арналып ұйымдастырылатын. Бірақ қазір бұл сәнге айналған тәрізді. Мексикада жуырда дәл осындай шара өткен болатын. Жобаға 400-ден астам жұп қатысты. Мексикалықтар болса, этникалық, діни және ұлттық өзгешеліктерге мән берілмеу керектігін дәріптеп, аталмыш шаралар ұйымдастыратын көрінеді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!