Пәкістандағы жарылыс құрбандары 85-ке жетті

Фотография - Пәкістандағы жарылыс құрбандары 85-ке жетті

Өткен сенбіде Пәкістанның Кветта қаласында базарда болған жарылыстан қаза тапқан адмдар саны 85-ке жетті. 20-ге тарта адам жараланғандар қатарында. Құрбан болғандар арасында шиит хазариттер көп

194 0


Өткен сенбіде Пәкістанның Кветта қаласында базарда болған жарылыстан қаза тапқан адмдар саны 85-ке жетті. 20-ге тарта адам жараланғандар қатарында. Құрбан болғандар арасында шиит хазариттер көп. Жарылысты сүннит "Лашкар-и Джангви" тобы мойнына алды.

Жексенбіде Хазар студенттерінің федерациясы шеруге шығып, биліктен қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етті. Хазар демократиялық партиясының жетекшілері үкіметтен топты жауапкершілікке тартуды талап етіп, 48 сағат мұрсат берді. Осы мерзім ішінде талаптары орындалмаса хазарлықтар дүниежүзі бойынша наразылық шараларын бастамақ.

Халқының басым бөлігі сүнниттер болып саналатын Пәкістанда шииттер жиі шабуылға ұшырайды. Кветтадағы шииттердің көпшілігі - Пәкістанға Ауғанстаннан осыдан жүз жылдай бұрын көшіп келген этникалық хазарлар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!