Түзету мекемелерінде де халал тағам берілуі мүмкін

Фотография - Түзету мекемелерінде де халал тағам берілуі мүмкін

2012 жылдың қазан айында Петрозаводск қаласындағы № 9 түзету мекемесінде алғаш рет жұма намазы оқылды.

140 0

 2012 жылдың қазан айында Петрозаводск қаласындағы № 9 түзету мекемесінде алғаш рет жұма намазы оқылды. Тұтқындар имам Әбдіәзіз Дяткоға ұйып, құлшылығын өтеді.

Петрозаводск қаласындағы біріккен мұсылмандар жамағатының имамдары апта сайын жүзге тарта адам жиналатын игілікті іс пен сауапты шараның ұйытқысы болып жүр.

Қазіргі уақытта Петрозаводскідегі мұсылман жамағатының бірлестігі түзету мекемесінің әкімшілігімен тығыз жұмыс істеуге көшкен. Атап айтқанда, аталмыш ұйым  халал тағам жөнінде Карелия Республикасының Федералды жазалау басқармасымен және № 9 түзету мекемесінің әкімшілігімен келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұған қоса, «Ар-ождан және наным-сенім бостандығы туралы» Заң аясында түзету мекемесінің қызметкерлеріне ислам мәдениеті мен әдебі жайлы дәрістер оқылады.

 


Тегтер:

ислам

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!