Иранда Будда мүсінін сатуға тыйым салынды

Фотография - Иранда Будда мүсінін сатуға тыйым салынды

Иран билігі Будда мүсінін сатуға тыйым салды.

295 0

Иран билігі Будда мүсінін сатуға тыйым салды.

Ел астанасы Тегеранда сауда орындарынан Будда мүсіні тәркіленіп жатыр. Иранның мәдени мұрасын қорғаумен айналысатын әкімшіліктің өкілі Саид Джабери Ансари ел билігінің мұндай қадамға «мәдени басқыншылыққа» тосқауыл қою мақсатында барып отырғанын жеткізді. Иран билігі өзге діни танымдар жұрттың санасын жаулап алуына жол бермейтінін мәлімдеді.

Кәде сыйлықтардың саудасымен айналысатын Реза Санайдың сөзіне қарағанда, ирандықтардың кейбіреуі Будда мүсінін үй-жайына немесе автокөліктеріне көрік беру үшін сатып алатынын айтады. «Өзіме келсем, олар маған ұнамайды. Алайда, әке-шешемнің үйінде мұндай мүсіндердің бесеуі тұр. Олар мүсіндердің әдемілігіне қызығады», – дейді сатып алушылардың бірі.

Бұдан бұрын Иран аумағында «Барби» қуыршағын және батыстың ықпал ету құралына айналған комедиялық «Симпсондар» мультипликациялық топтаманың кейіпкерлерін еске түсіретін фигуралық денелерді сатуға тыйым салынған болатын. Иранның Будда мүсінін сатуға қатысты тыйымы осындай шектеулердің бірі болып табылатынын айта кету керек. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!