Әуекомпания қызметкерлері шеруге шықты

Фотография - Әуекомпания қызметкерлері шеруге шықты

Олар компаниядағы жұмыс орындарының қысқаруына қарсы.

263 0

Испанияда «Iberia» әуекомпаниясының жұмысшылары 5 күндік шеру ұйымдастырды. Олар компаниядағы жұмыс орындарының қысқаруына қарсы.

Наразылық акцияда ұшқыштар, бортсеріктер, терминал қызметкерлері және жүк тиеушілер белсенділік танытты. Еңбеккерлер жұмыс орындарына шығудан бас тартқан. Қазір Мадридтегі ірі әуежайлардың бірі Барахастың жұмысы бұзылып, ұшу кестесі өзгеріп жатыр. Наразылық шара салдарынан жүздеген рейс кейінге шегерілді. Мекеме басшылары 3 мыңнан астам қызметкерін қысқартып, жалақы көлемін азайтпақ. Қаржы дағдарысының кесірінен қазір әуекомпания қиын кезеңді бастан кешіп жатыр. Қарыздарын өтеу үшін «Iberia» осындай шара қолдауға мәжбүр. Ал жұмысшылар кәсіподақтары райынан қайтар емес. Компания қызметкерлері «алдағы наурыз айында да наразылық шара ұйымдастырамыз» деп ескертті.


Тегтер:

шеру өтті

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!