Сирия Премьер-Министрі оппозицияны келіссөздер жүргізуге шақырды

Фотография - Сирия Премьер-Министрі оппозицияны келіссөздер жүргізуге шақырды

Сирия Премьер-Министрі Ваэль аль-Хальки оппозицияны келіссөздер жүргізуге шақырды.

125 0

Бұл туралы Үкімет басшысы Дамаскідегі телеарналардан тікелей эфир арқылы мәлімдеді. Премьер-министрдің мәлімдеуінше, билік келіссөздер жүргізу үшін қажетті шараларды қолға алды. Сондай-ақ, Сирия барлық тараптармен келіссөздер жүргізуге дайын екендігін жеткізді. Келіссөздердің басталуына БҰҰ мен Араб лигасының Сирия ісі бойынша жаңа өкілі Лахдар Брахими септігін тигізді. Брахими көрші ел Ливандағы көтерілісті тоқатуға көмектескен еді. Қазір жергілікті билік басшылары оппозиция лидерлерімен кездесуге дайындық үстінде. Айта  кету керек, таяуда Алеппо мен Хомс қаласында тағы бірнеше жарылыс болды. Жергілікті билік өкілдері әуелде хабарлағандай, қаңтар айында Дамаск төңірегінде Джамрайаға жасалған әуе шабуылын Израиль әуе күштері жасады деп еді, енді бұл ақпаратты олар жоққа шығарып отыр.

Сирия Үкіметі барлық тараптармен келіссөздер жүргізуге дайын. Оппозиция өкілдерін саяси жанжалдарды және елдегі зорлық-зомбылықты тоқтату үшін келісімге келуге шақырамын. Елдің сыртқы және ішкі саясатын тұрақтандыру үшін қажетті шаралар істеуі тиіс.

 


Тегтер:

Азия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!