Бүгін - Бүкіләлемдік киттер күні

Фотография - Бүгін - Бүкіләлемдік киттер күні

19 ақпан күні дүние жүзінде Бүкіләлемдік теңіз мақұлықтарын қорғау күні немесе Киттер күні атап өтіледі

260 0

19 ақпан күні дүние жүзінде Бүкіләлемдік теңіз мақұлықтарын қорғау күні немесе Киттер күні атап өтіледі.

Бұл датаны Халықаралық киттер комиссиясы киттер кәсібіне мараторий күшіне енген 1986 жылы бекітті.

Мараторий бүгінгі күні де күшінде, бұл бүкіл әлемде киттерді ұстауға және оның етімен саудалауға тыйым салынғандығын білдіреді. Қазіргі уақытта киттер кәсібімен айналысу жергілікті халықтың сұранысын (аборигендік) қанағаттандыру үшін және Халықаралық киттер комиссиясына мүше-елдер үкіметінің арнайы мақұлдауымен ғылыми мақсаттарда пайдалану үшін ғана рұқсат етілген.

Аталмыш мараторийге және көптеген елдерде киттер кәсібіне заңды түрде тыйым салынғанына қарамастан, бұл жануарларды жою әлі күнге тыйылмай келеді.

Бүгін әлемде киттердің 119 түрі өмір сүреді. Теңіз мақұлықтарын, соның ішінде киттерді жою 200 жыл бойы жалғасып келеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!