АҚШ-та асырап алған тағы бір ресейлік бала көз жұмды

Фотография - АҚШ-та асырап алған тағы бір ресейлік бала көз жұмды

Кузьмин 21-қаңтарда қайтыс болған.

161 0

Ресей үкіметі Техаста америкалық әйел Ресейден асырап алған баласы Максим Кузьминді өлтіргенін  хабарлады. Кузьмин 21-қаңтарда қайтыс болған.

Балалар құқығы жөніндегі омбудсмен Павел Астаховтың айтуынша, тергеу амалдары әйелдің баланы өлімші етіп сабағанын және ұзақ уақыт бойына оған  психотроптық заттар бергенін анықтаған. АҚШ үкіметі әзірге бұған қатысты түсінік бермеді.

Ресей америкалық ата-аналар асырап алған балаларына дұрыс қарамайды деп әлденеше рет шағым жасаған. Ал өткен жылдың желтоқсанында ресейлік балаларды АҚШ азаматтарының асырап алуына тыйым салатын заң қабылданды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!