Брюссельде үлкен ұрлық болды

Фотография - Брюссельде үлкен ұрлық болды

Brink’s әуе компаниясының брондалған жүк тасушы ұшағына шабуыл жасалып, алмас топтамасы қолды болды. 

190 0

Дүйсенбі күні кешке Бельгия астанасы Брюссельде америкалық Brink’s әуе компаниясының брондалған жүк тасушы ұшағына шабуыл жасалып, алмас топтамасы қолды болды. 

Жергілік уақытпен сағат 19.47-де Брюссельдегі халықаралық әуежайға екі көлікке отырып, қаруланған сегіз адам Цюрихке жібергелі бағалы тастар тиелген ұшаққа бас салады.

Ешқандай атыс болмаған, адам шығыны жоқ. Жарақат алған да адам жоқ. Бірнеше минут ішінде қаруланған топ алмас салынған жәшікті алып, ізін суытып үлгерген. Бұл жағдай әуежай қызметіне әсер етпеген. Брюссель мен Цюрих арасындағы рейс уақыттар өзгермеген.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, ұрылардың ізіне түсе бастады.


Тегтер:

ұрлық жасалды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!