Армения сайлауында Саркисянның жеңгені хабарланды

Фотография - Армения сайлауында Саркисянның жеңгені хабарланды

Оған сайлаушылардың 58 пайыздан астамы дауыс берген.

141 0

Арменияның орталық сайлау комиссиясы барлық сайлау учаскелеріндегі берілген дауыстарды санап, оның қорытындысы бойынша қазіргі президент Серж Саркисянның жеңіске жеткенін хабарлады. Оған сайлаушылардың 58 пайыздан астамы дауыс берген. Дауыс беруге сайлаушылардың 60 пайызға жуығы қатысқан.

Бұрынғы сыртқы істер министрі Раффи Ованнисянге сайлаушылардың 36,7 пайызы дауыс берген. Бірақ ол жеңілісін мойындамай, "билік Саркисянның жеңіске жетуі үшін дауыс беру нәтижелерін бұрмалады" деп мәлімдеді.

Ресми орындар сайлау барысында заң бұзушылықтар туралы ақпараттар түскенін мойындағанымен, дауыс беру нәтижелері бұрмаланды деген айыпты жоққа шығарды.

ЕҚЫҰ, Еуропа кеңесі және Еуропа парламентінің бақылаушылары бүгін сайлауға берген бағасын жариялайды.

Сайлау кампаниясы кезінде үміткерлердің біріне - Паруйр Арикянға қастандық жасалған еді. Тағы бір үміткер Андриас Гукасян "сайлау алаяқтық жолмен өтеді" деп мәлімдеп, аштық жариялаған.

Арменияда президент бес жыл мерзімге сайланады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!