Тәжікстанда генералдың өліміне қатысты сот басталды

Фотография - Тәжікстанда генералдың өліміне қатысты сот басталды

Тәжікстанның Таулы Бадахшан облысында бүгін мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің осы облыстағы бұрынғы басшысы Абдулло Назаровты өлтірді деп айыпталған екі адамның үстінен сот басталды

156 0

Тәжікстанның Таулы Бадахшан облысында бүгін мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің осы облыстағы бұрынғы басшысы Абдулло Назаровты өлтірді деп айыпталған екі адамның үстінен сот басталды. Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, сот облыс орталығы Хорог қаласында отырысы жабық түрде өтіп жатыр.

Абдулло Назаровты өткен жылдың 21-шілдесінде өлтіріп кеткен еді. Билік қастандықты жергілікті қарулы топтың жетекшісі Толиб Айембеков ұйымдастырды деп айыптап, оның тобына қарсы Хорог пен оған жақын аудандарда арнайы операция жүргізген еді. Бірнеше аптаға созылған операциядан соң қарулы топ өз еркімен берілген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!