Жұмысшылар шеруге шықты

Фотография - Жұмысшылар шеруге шықты

Италияда Парламенттік сайлау қарсаңында қоғамдық көлік жүргізушілері жаппай шеруге шықты

262 0

Италияда Парламенттік сайлау қарсаңында қоғамдық көлік жүргізушілері жаппай шеруге шықты.

Ел астанасы Римде наразылық шара кесірінен метро, трамвай және жолаушылар автобусы тоқтап, жергілікті тұрғындарды әбден әбігерге салды. Мыңдаған адам шаһар аялдамаларына тобымен жиналып, діттеген жерлеріне жете алмай әлек болды. Жұмысшылар жалақы көлемін өсіріп, қысқартуды тоқтауды талап етуде. Жолаушылар болса, қаржы дағдарысы салдарынан елде жұмысшылар шерулері жиілеп, елдегі күнделікті тіршілік бұзылғандығын айтып, шағымданды. Ал елде Парламенттік сайлау ақпаның 24-25-і күндері өтеді деп жоспарланған. 

Марионела КОЛИСИМО, Рим тұрғыны:

- Соңғы кезде наразылық шерулер қаламызда жиі болады. Халықтың тыныштығы бұзылды. Мен таңертеңнен бері жұмысыма жете алмай әбігерге түстім. Бүкіл күнім зая кетті. Жұмысшылардың шағымдарына көңіл бөліну керек. Мұндай ауқымды шерулер қайталана берсе, жергілікті тұрғындар да наразылықтарын білдіреді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!