Әскери ұшақ апатқа ұшырады

Фотография - Әскери ұшақ апатқа ұшырады

Йемен астанасы Санада әскери ұшақ апатқа ұшырады

130 0

Йемен астанасы Санада әскери ұшақ апатқа ұшырады.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, әуе көлігі тұрғын үйге соғылып, Перемен алаңына бір-ақ құлаған.  «Рейтер» агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, Ресей жасап шығарған «Су-22» жойғыш ұшақ әскери оқу-жаттығулар мақсатында әуеге көтерілген. Алдын ала болжамдарға қарағанда, апат салдарынан 11 адам қаза тапты. Ал 15-ке жуығы жараланған. Кей деректер бойынша, ұшақ командирі аман қалды. Құрбан болғандарың саны әлі де өсуі мүмкін. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында бірнеше көлік өртеніп, тілсіз жаумен күресуге көп өрт сөндіруші жұмылдырылған. Естеріңізге салсақ,  былтыр қараша айында да елдің солтүстігінде жергілікті әуе күштерінің «Ан-26»  әскери ұшағы құлап, 20 адам қаза тапқан болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!