Жоғалған итті іздеуге 400 миллион қытайлық жұмылдырылды

Фотография - Жоғалған итті іздеуге 400 миллион қытайлық жұмылдырылды

60 жасар Се есімді тұрғын хабарламаны 8 ақпан күні ілген.

269 0

Қытайдың Сычуань провинциясының тұрғыны жоғалған итін тауып берген адамға өзінің үйін сыйға беретіндігін мәлімдеді. 60 жасар Се есімді тұрғын хабарламаны 8 ақпан күні ілген. Алайда, чау-чау тұқымдас күшік еш табылар емес.

Се алдымен сыйақы ретінде ақша беретіндігін айтқан екен. Алайда, нәтиже шықпағаннан кейін ол кешегі жексенбіде сыйлыққа өзі тұрып жатқан үйді беретіндігін жариялады. Баспана құны шамамен 500 миллион юань немесе 60 миллион евро.

Осылайша, айналдырған екі күн ішінде жоғалған итті іздеуге 400 миллион қытайлық кірісіпті. Алайда, қалталы азаматтың бұл қылығын сынға алушылар да көп. Біреулер оны жай ғана есінен адасқан адам десе, екіншілер Сені алаяқ деп айыптап отыр.

«Сяо-Сяо (жоғалған иттің есімі) біздің отбасының бір мүшесі болып кеткен. Ал, отбасы мүшесін 500 миллион юаньға бағалау артық кеткенім емес» дейді жоғын іздеуші Се.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!