Сталиннің ұлы сатқын болған

Фотография - Сталиннің ұлы сатқын болған

Тарихта Иосиф Сталин Ұлы Отан соғысында жеңіс үшін өз ұлын құрбан еткен деген факт жиі айтылады.

201 0

Тарихта Иосиф Сталин Ұлы Отан соғысында жеңіс үшін өз ұлын құрбан еткен деген факт жиі айтылады.

Фашистерге тұтқынға түскен перзентін Сталин КСРО тұтқынында жатқан неміс офицерлеріне айырбастамай қойған екен. Алайда, Der Spiegel журналы бұл шындықты жоққа шығарды.

Аталған журналда айтылғандай, Сталиннің үлкен ұлы 1941 жылы фашистердің жағына өз еркімен өткен. Сондай-ақ, ол Қызыл армия саясатын үнемі сынға алып отырған дейді мақала авторлары. Мұндай пікірге неміс ғалымдары мұрағат құжаттарын тыңғылықты зерттеу нәтижесінде келіп отыр.

КСРО тарихшылары бұл жайтты былайша айтып келген еді: 1941 жылы Қызыл әскер командирі Яков Джугашвили Минск түбінде немістердің тұтқынына түседі. Заксенхаузендегі «А» лагерінің барагында жатқан ол терезеден секіріп қашып, сымдарға оратылып қалған. Артынан қуып келген фашистер тұтқынды басынан атып өлтірген. Алайда, кейінірек белгілі болғандай, Яковтың өлімі басына тиген оқтан емес, тоқ ұрғаннан орын алыпты.

Алайда, неміс ғалымдары мұны жалған ақпарат деп отыр. Ресей мұрағаттарында ұзақ жұмыс жүргізген олар Яков Джугашвили фашистердің қолына өз еркімен өтіп қана қоймай, әкесі жүргізген саясатты ашық сынаған екен. Оған мысал ретінде ғалымдар Сталин ұлымен болған бірінші тергеудегі сұрақ-жауапты келтірген. Онда Яков Қызыл әскер командирлерін «ақыл есінен адасқан», ал олардың әрекетін «ақымақтық» деген.

Яков еврей қызымен отауласса да антиеврейлік көзқараста болғандығы да анықталып отыр. Оған дәлел – тағы сол мұрағат құжаттары. Құжаттарда «Еврейлер үшін ең басты іс тек коммерциялық келімідер жасау. Олар жұмыс істегісі келмейді, өйткені істей алмайды» делінген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!