Бельгияда 6 баланы өлтірген маньяк уақытынан бұрын босатуды сұрады

Фотография - Бельгияда 6 баланы өлтірген маньяк уақытынан бұрын босатуды сұрады

Бельгия соты алты адамның өмірін аяусыз қиған Марк Дютрудің арызын қанағаттандырмады.

263 0

Бельгия соты алты адамның өмірін аяусыз қиған Марк Дютрудің арызын қанағаттандырмады. Ол өз арызында темір тордан уақытынан бұрын босатуды сұраған болатын.

Алайда, сот алғашқы алты үрімдей жас қызды өлтіргені үшін өмірбақи бас бостандығынан айыру жазасын өзгеріссіз қалдырды.

Сот отырысы күні Марк Дютрудің анасы өз баласын түрмеден босатпауын сұраған болатын. Себебі, ол бостандыққа шыға салысымен баяғы қылықтарына қайта көшетіне сенімді. Ол, 2004 жылдан бері темір тордың ар жағында ешқандай ескерту алмаған. Бельгияның заңдарына сәйкес оның уақытынан бұрын түрмеден шығуға нақты мүмкіндігі болды.

Қанышер қылмыскер өзінің ешкімге қауіп төндірмейтінін сендіруге тырысты және электр білезік тағып, үй қамауында отыруға да келіскен болатын. Алайда, сот оған сенім білдірмей, шешімінен таймады.

Естеріңізге салсақ, оған алты қыз баланы зорлады және оларды өлтірді деген айып тағылған. Марк Дютрудің осы қанды қылмыстарына оның әйелі көмектесіп отырған. Ол, 16 жыл қамаудан кейін қазір әйелдер монастырына ауыстырылған. Ол онда өмірінің соңына дейін болады.


Тегтер:

өлтірді

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!