Болгария үкіметі отставкаға кетті

Фотография - Болгария үкіметі отставкаға кетті

Болгарияда электр энергиясының қымбаттауы мен тұрмыс жағдайының төмендеуіне қарсы бірнеше күн наразылық шерулері өткен соң ел үкіметі отставкаға кетті

145 0


Болгарияда электр энергиясының қымбаттауы мен тұрмыс жағдайының төмендеуіне қарсы бірнеше күн наразылық шерулері өткен соң ел үкіметі отставкаға кетті.

Премьер-министр Бойко Борисов бүгін парламентте сөйлеген сөзінде "полициясы демонстранттарды басып-жаныштап жатқан үкіметті басқара алмайтынын" айтты. Үкіметтің отставкаға кететінін мәлімдеген ол "Бізді билікке әкелген - халық, сондықтан біз оны бүгін халыққа өткізіп береміз" деді.

Сейсенбіде Болгарияның астанасы София қаласында шерушілер мен полиция қақтығысып, бірнеше адам жараланған еді. Шерушілер үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, полицияға тас лақтырған. Өткен жексенбідегі наразылық шаралары елдің 30-ға тарта қаласында ұйымдастырылды.

Дүйсенбіде премьер-министр қаржы министрін қызметінен босатқан. Кейін "электр қуатының бағасын қымбаттатып жіберген" чехиялық компанияның лицензиясынан айырылатынын ескерткен.

Шілдеде елде парламент сайлауы өтеді.

Болгария - Еуропа Одағындағы кедей елдердің бірі. Ол елдегі орташа жалақы - 400 еуро, орташа зейнетақы - 135 еуро.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!