Құс тұмауына қарсы шара қолға алынды

Фотография - Құс тұмауына қарсы шара қолға алынды

Мексикада құс тұмауына қарсы шаралар қолға алынды.

111 0

Мексикада құс тұмауына қарсы шаралар қолға алынды.

Елде ауруға шалдыққан жарты миллионға жуық құсты жою жоспарланып отыр. Гуанахуато штатында қауіпті індеттің «H7N3» түрі табылған еді. Мамандардың айтуынша, аса қатерлі ауру адам өміріне де қауіп төндіруі мүмкін. Әлемнің көптеген елінде «бұл дертке адамдар да шалдықты» деген дерек те тіркелген. Ал БҰҰ-ның сарапшылары негізі аталған тұмауына көбіне құс шалдығады, ал адамның ауруды жұқтыру мүмкіндігі өте төмен екендігін айтуда. «Ваchoco» атты тауық өсіруші компания өкілдері өздерінің 5 фермасында қауіпті індеттің табылғанын хабарлады. Қазір Мексикада барлық ферма қатаң тексеруден өтіп жатыр. Естеріңізге салсақ, былтыр елдің Халиско штатында құс тұмауы кесірінен миллионға жуық құс қырылған болатын. Соның салдарынан елде құс өнімдерінің бағасы шарықтап кеткен еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!