Қытайда жаңа Титаник соғылмақ

Фотография - Қытайда жаңа Титаник соғылмақ

Әйгілі кеменің көшірмесін Қытайда жасау тапсырысы 2012 жылдың сәуірінде австралиялық миллиардер Клив Палмерден түскен.

185 0

«Джинлинь» компаниясының Нанкиндегі кеме шығаратын орны австралиялық миллиардердің тапсырысы бойынша «Титаниктің» көшірмесін соғуға арналған жабдықтарды жаңартуды аяқтады.

Әйгілі кеменің көшірмесін Қытайда жасау тапсырысы 2012 жылдың сәуірінде австралиялық миллиардер Клив Палмерден түскен. Ол осылайша, өзінің бала кезіндегі арманын орындағысы келген екен.

Палмердің айтуынша, Титаник-2-нің 2016 жылға жоспарланған алғашқы круизінде барлық жолаушыларға берілетін ас 1912 жылғы менюмен сайма-сай келеді. Әзірге кеме билеттері сатылымға түспеген. Дегенмен, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, ОАР елдерінің азаматтары теңіз саяхатына «Титаник» көшірмесінде аттануға ниет білдіріп, жарты миллион доллардан астам қаражат ұсынып отырған көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, «Титаник» 1912 жылы 14 сәуір күні айсбергпен болған соқтығыстан соң суға батқан еді. Ресми деректерге сүйенсек, бұл апат 1514 жолаушының өмірін әкетті. Ал 710 адам аман қалды. «Титаниктің» алғашқы және соңғы саяхаты содан бері көптеген көркем фильмдердің негізгі желісіне айналды.


Тегтер:

қытай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!