Өзбек хакерлері қырғыз сайттарына шабуыл жасады

Фотография - Өзбек хакерлері қырғыз сайттарына шабуыл жасады

Аталған сайттардың барлығында бірдей "Біз нәсілшілдікке қарсымыз" деген жазу пайда болған.

307 0

Өзбекстандық бір  топ хакер бірнеше қырғыз сайтына, олардың арасында ішкі істер министрлігі, мемлекеттік мүлікті басқару қоры, AirBishkek компаниясының веб-сайттары мен Бішкек қаласының онлайн картасына шабуыл жасады. Аталған сайттардың барлығында бірдей "Біз нәсілшілдікке қарсымыз" деген жазу пайда болған.

Азаттықтың Өзбек қызметіне хабарласып, өздерін Clone Security деп атаған топ хакерлік шабуылды мойындарына алатынын хабарлаған. Олар шабуылды "Қырғызстандағы этникалық өзбектерді кемсітушілікке жауап берген саяси акция" деп атаған.

2010 жылы жазда Қырғызстанның Ош облысындағы этникалық қақтығыстан соң қырғыздар мен этникалық өзбектер арасындағы қарым-қатынас күрделі күйінде қалып отыр. Ол қақтығыстар салдарынан жүздеген адам қаза тауып, мыңға тарта адам жараланған еді. Құрбан болғандардың көпшілігі - этникалық өзбектер.


Тегтер:

хакер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!