Франция министрі спортта шариғат шәлісін жамылып жүруге қарсы

Фотография - Франция министрі спортта шариғат шәлісін жамылып жүруге қарсы

Исламға қырын қарап, Франциядағы мұсылмандарға қатысты даулы сөзімен танымал болған Мануэль Вальс бұл жолы да осы мәселеге оралды.

236 0

Жуырда өткен спорттағы әйелдердің құқығын қорғауға қатысты Франция парламентінің жоғарғы палатасының мәжілісінде елдің ішкі министрі Мануэль Вальс француздардың спорт қауымдастығын кәсіби спортшылардың шариғат шәлісін жамылып жүруіне салынған тыйымның бұзылмауын қадағалауды тапсырды. Бұл жайында «Fait-religieux.com» ақпарат порталы хабар таратты.

Исламға қырын қарап, Франциядағы мұсылмандарға қатысты даулы сөзімен танымал болған Мануэль Вальс бұл жолы да осы мәселеге оралды.

Жуырда футбол және каратэ жөніндегі халықаралық федерация мұсылман әйел спортшыларға шариғат шәлісін жамылып жүріп, жаттығуға рұқсат берген болатын. Аталмыш федерацияның бұл шешіміне көңілі толмаған Сенаттағы коммунистердің өкілі Брижит Гонтье-Моран мен солшылдар партиясының өкілі Жак Мезардың алаңдаушылығына үн қатқан Мануэль Вальс Францияның спорт қауымдастығын спорттағы әлгіндей тыйымның бұзылмауын қадағалауға, ешкімге артықшылық бермеуге шақырды.

«Франция билігі айтқанынан қайтпайды. Мұсылман қыздарының хиджап киіп спортпен айналысуға бізде рұқсат жоқ. Біз теңдікті сақтап, өзгелерді құрметтеуіміз керек. Спорт федерациясының соңғы шешімі – спорттағы әйелдерді кемсіту болып табылады», – деді ол.

Бұған қоса, спортты «қандай да бір кемсітушілік пен шовинизмге қарсы мықты күрес құралы» деп атаған ол әйелдердің дамуына спорттың тигізетін пайдасын да тілге тиек етті. «Француз қоғамы спорт әлемінің қырағы болғанын қалайды: спорт – қоғамдық немесе діни мүдделерді тықпалайтын сала емес», – деп министр Сенат мәжілісінде мәлімдеді.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!