Сириядағы Ресей елшілігінің жанында жарылыс болды

Фотография - Сириядағы Ресей елшілігінің жанында жарылыс болды

ҚазАқпарат - Сирия астанасы Дамаск қаласының орталығында жарылғыш зат салынған автокөлік күлге ұшты.

160 0

Сирия астанасы Дамаск қаласының орталығында жарылғыш зат салынған автокөлік күлге ұшты. Жарылыс билік басындағы Баас партиясының штаб-пәтері мен Ресей елшілігінің жанында орын алды, деп хабарлайды Утро.ру.

Сирия мемлекеттік телевидениесі Мазра ауданында орын алған лаңкестік оқиғасы жөнінде хабарлайды, SANA агенттігінің деректеріне сәйкес, «жарылыстан көптеген бейбіт тұрғындар қаза тапты және жараланған».

Оқиға орнында жұмыс істеген «жедел жәрдем» дәрігері «мен өзім 40 адамды жөнелттім, бірақ зардап шеккендердің саны одан едәуір көп» деп мәлімдеді.

Сирияда Башар Асадтың отставкасын талап етіп отырған оппозиция мен үкіметтік жасақтар арасындағы қақтығыс 2011 жылдың наурыз айынан бері жалғасуда. БҰҰ мәліметтерінше, осы кезеңде 70 мың адам опат болды.


Тегтер:

сирия жарылыс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!