Британияда тас жейтін балаға жергілікті билік қол ұшын созды

Фотография - Британияда тас жейтін балаға жергілікті билік қол ұшын созды

Манчестердің шет аймағында тұратын 6 жасар Зак Тахир ас қорыту жүйесінің сирек кездесетін сырқаты - Пайк синдромына душар болған

347 0

Манчестердің шет аймағында тұратын 6 жасар Зак Тахир ас қорыту жүйесінің сирек кездесетін сырқаты - Пайк синдромына душар болған, деп хабарлайды Утро.ру. Ол қолына түскен тас кесектерін, жиһаз, қағаз, тіпті кез-келген затты жеп қоюға дайын тұрады екен.

Үйдегі жиһазды кеміре бастаған баланың анасы оған арнайы бөлме жасақтаған. Ондағы қабырғалар сквош ойыны кезінде қолданылатын материалмен қапталған. 

Зак Тахирдің бөлмесіне оның анасы Рэйчел Хорнға 36 мың фунт стерлинг ($54 мың) қаражат жұмсаған. Соның 26 мың фунтын отбасы тұрып жатқан Сэлфорд қаласының билігі бөлген.

Айта кетейік, Тахир осындай сырқатпен ауыратын әлемдегі жалғыз бала емес. АҚШ-тың Индиана штатында тұратын Натали Хайхерст есімді кішкентай бүлдіршін де таяқ пен тас жеуге әуес, бірде ол электр шамын жеп қойған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!