Үндістанда бірнеше жарылыс орын алды

Фотография - Үндістанда бірнеше жарылыс орын алды

Оқиға салдарынан 15 адам көз жұмып, 50 адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

262 0

Үндістанның Андхра-Прадеш штатының Хайдарабаде қаласындағы Дилсукх-нагар ауданында таң алдында үлкен үш жарылыс орын алды. Оқиға салдарынан 15 адам көз жұмып, 50 адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жарылғыш заттың үшеуі де адам шоғыры көп орналасқан аудандағы жергілікті кинотеатр жанында іске қосылған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жетіп, алаңды қоршауға алған.

«Әзірге ненің жарылғанын анық білмейміз» деп мәлімдеген полиция қызметкерлері болған оқиғаны алдын ала жоспарланған текракт болуы ықтимал деп отыр.

Жарылыс салдарынан Дели, Махараштра және Карнатака штаттарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

2007 жылы осы тектес оқиға Хайдарабадта да орын алып, салдарынан 40 адам мерт болған еді.


Тегтер:

жарылыс болды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!