Египетте парламент сайлауы 27 сәуірде басталады

Фотография - Египетте парламент сайлауы 27 сәуірде басталады

Египет президенті Мұхаммед Мурси елде парламент сайлауларын 27 сәуірде бастап, маусым айында аяқтау туралы жарлық шығарды.

158 0


Египет президенті Мұхаммед Мурси елде парламент сайлауларын 27 сәуірде бастап, маусым айында аяқтау туралы жарлық шығарды. Жарлық бойынша, сайлау төрт кезеңнен тұрады. Жаңа Халықтық ассамблея 6 шілдеде жұмысқа кіріседі.

Бұдан бұрын Египет парламентінің жоғарғы палатасы - Шура кеңесі конституциялық соттың түзетуімен сайлау туралы жаңа заң қабылдаған еді. Заң сайлауға дайындықты бастай беруге мүмкіндік береді.

Елдегі қазіргі саяси жағдай тұрақсыз. Зайырлы оппозиция елдегі реформалар демократиялық талаптарға сай келмейді деп исламшыл Мұхаммед Мурсиді айыптайды.

Өткен жылы жоғарғы сот сайлау заңнамаларын талапқа сай емес деп танып, парламенттің төменгі палатасын таратқан еді.

 


Тегтер:

Египет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!