АҚШ-та күніне бес баланың ажалы ата-анасынан келеді екен

Фотография - АҚШ-та күніне бес баланың ажалы ата-анасынан келеді екен

Экономикасы дамыған АҚШ жас жеткіншектердің өлімі бойынша көш бастап тұр

220 0

Экономикасы дамыған АҚШ жас жеткіншектердің өлімі бойынша көш бастап тұр. АҚШ-та күн сайын бес баланың ажалы езгенің немесе ата-анасының салғырт қарауынан көз жұмады екен. Бұл жайында америкалық «Child Help» ұйымы ресми статистикаға сілтеме жасап, дабыл қақты.

РФ билігінің мәлімдеуінше, Техас штатының Лора мен Алан Шатто есімді тұрғындары асырап алған үш жастағы Максим Кузьмин мен оның бауыры Кирилл отбасындағы зорлық-зомбылықтан көз жұмған. АҚШ-тың құқыққорғау органдары мен қамқоршылары тергеу аяқталғанша түсініктеме беруден бас тартып отыр. Әзірге белгілісі: ағайындылар Шатто үйінің ауласында ойнап жүргенде Макси Кузьмин есінен танып қалған. Бұл кезде асырап алған ата-анасы олардың қасында болмаған. Макис Кузьмин Ресейден асырап алған АҚШ-тағы 60 мың баланың арасындағы өмірден ерте кеткен 20-шы бала екенін айта кету керек.

АҚШ-та ата-аналардың бала алдындағы жауапкершілігіне қатысты статистикалық есеп 1998 жылдан бері ашық жүргізіліп келеді. Статистикалық есепке жүгінсек, ата-аналардың қатыгездігінен немесе салғырттығынан көз жұматын балалардың саны күн сайын көбеюде. 1998 жылы ересектердің кінәсінен күн сайын үш бала көз жұмса, бұл көрсеткіш 2003 жылы төртке жеткен. Ал 2010 жылдан бері күніне бес бала ата-ананың кесірінен арғы дүниеге аттанатын көрінеді.

Зорлық-зомбылықтың нәтижесінде көз жұматын балалардың санын пайызға шаққанда – 17,6%, ал жас жеткіншектерге ата-ананың салғырт қарауы мен қатыгездігінен қайтыс болатындардың саны 78% пайызды құрайды. Ата-ананың кесірінен көз жұмған балалардың 80 пайызы төрт жасқа дейінгі бүлдіршіндер болып табылады. «Child Help» ұйымы анықтағандай, өмірден ерте озған балалардың жартысынан көбісінің неден қаза тапқаны белгісіз күйінде қалған.

Ресейдегі жағдайға келсек, өзінің туған ата-анасының немесе асырап алған әке-шешесінің кесірінен қаза тапқан балаларға қатысты статистикалық есеп жоқ болып шықты. «Отбасы құқығы үшін» деп аталатын ұйымның дерегіне қарағанда, бала өліміне қатысты нақты мәліметті 2005 жылы бас прокуратура келтірген екен: 2000-2005 жылдар аралығында ата-ананың қолынан 1,086 мың бала қайтыс болған. 


Тегтер:

балалар өледі

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!