«Кирзакстан» деген ел бар ма?

Фотография - «Кирзакстан» деген ел бар ма?

Джон Керри өз сөзінде Қырғызстан дегенді «Кирзакстан» деп дұрыс атамаған. 

185 0

АҚШ-тың жаңадан тағайындалған мемлекеттік хатшысы Джон Керри өз сөзінде Қырғызстан дегенді «Кирзакстан» деп дұрыс атамаған. 

«Кейбір батыл елдер бірігіп, әлемдегі ең қауіпті елдердің жағдайы үшін алаңдап, әрекет жасайды. Олар Нигериядағы жемқорлықпен күресіп, Бирмадағы заңдылықты, Кирзакстан мен Гүржістандағы демократиялық қайта құруды қолдайды» дейді Джон Керри. «Кирзакстан» деп отырғаны жаңадан ашылған арал немесе жаңа мемлекет емес, өзіміздің Қырғызстан екен.

Джон Керри Қырғызстанды жете танымағанмен, Қазақстанды жақсы біледі. 20 ақпандағы ҚР СІМ Ерлан Ыдырысовпен телефон арқылы әңгімеде 26 ақпанда Алматыда өтетін Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің кезекті раундын өткізуге мұрындық болғаны үшін алғыс білдіретінін айтқан болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!