Абақты ішіндегі қонақ үй

Фотография - Абақты ішіндегі қонақ үй

Нидерландыда «Het Arresthuis» деп аталатын абақтыда 36 нөмірлі «люкс» және 4 VIP-нөмірлі қонақ үй бар.

175 0

Нидерландыда «Het Arresthuis» деп аталатын абақтыда 36 нөмірлі «люкс» және 4 VIP-нөмірлі қонақ үй бар.

Айтпақшы, осы 4 VIP-нөмірлі бөлмелердің өз аттары да бар. Қандай дейсіз бе? «Директор», «Түрме қызметкері», «Заңгер», «Төреші». Сонымен қатар, мұнда сауна, фитнес-орталық, мейрамхана да жоқ емес. Әр нөмірде екі адамдық кереует, үлкен көлемді теледидар, желдеткіш, душ, тегін Wi-Fi интернет жүйесі, кофемашина және кішігірім бары бар.

Түрменің классикалық түрін сақтау барысында қонақ үйдің ішкі көрінісін дизайнерлер қазіргі заманға сай етіп өзгертіп тұрады.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!