Беларусь тілін қорғаған белсенді 5 тәулікке қамалды

Фотография - Беларусь тілін қорғаған белсенді 5 тәулікке қамалды

Беларусь белсендісі, мүсінші Геник Лойка беларусь тілін қорғап акция өткізгені үшін бес тәулікке қамалды.

105 0

Беларусь белсендісі, мүсінші Геник Лойка беларусь тілін қорғап акция өткізгені үшін бес тәулікке қамалды.

Минскілік мүсінші халықаралық ана тілі күні (20 ақпан) беларусь тілін қорғайтын плакат ұстап, акция өткізген соң 21 ақпанда тұтқындалған еді. Ол ұсталған соң журналистерге "Беларусь мектептерінде орыстандыру саясаты жүргізіліп жатқанын, және ол процесті тоқтату қажетін" айтқан.

Сот орындары ұсталған күні оны рұқсат етілмеген наразылық шарасына шықты деп айыптап, бес тәулікке қамады. Сотта судья Лойканың сот тыңдауын беларусь тілінде өткізу талабын қанағаттандырмай, істі орыс тілінде жүргізді.

Беларусь конституциясы бойынша беларусь пен оырс тілі бірдей ресми тіл ретінде танылған. Бірақ елде орыс тілі көп қолданылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!