Алжирде протестанттық миссионер балалар саудасымен айналысып келген

Фотография - Алжирде протестанттық миссионер балалар саудасымен айналысып келген

Алжирдің Ішкі істер министрлігі америкалық миссионерлік қауымның Таманрассет провинциясы аумағындағы қызметіне тыйым салды.

212 0

Алжирдің Ішкі істер министрлігі америкалық миссионерлік қауымның Таманрассет провинциясы аумағындағы қызметіне тыйым салды. Құзырлы орындар миссионерлердің босқын-балаларды сату қылмысына қатысты бар деп күдіктеніп отыр.

«Хабар» газетінде жазылған дерекке қарағанда, Ішкі істер министрлігі Алжирдің оңтүстік провинциясы губернаторынан осы елдің тұрғындары мен Малилік босқындарға өз ілімін насихаттайтын шетелдік христиан қауымының қызметін тексеруді талап етті.

Белгілі болғандай, миссионерлер бала асырап алғысы келетін шетелдіктерге қызмет көрсететін әлдебір халықаралық ұйымға балаларды сатып келген.

Кем дегенде 20 бала осы қылмыстың құрбаны болған. Олардың ең үлкені алты жаста. Әлі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар Алжирден заңсыз жолмен әкетілген. Туниске жеткізілген соң, Еуропа мен Америкаға асырған. Бұл жайында «IUMS Online» хабар таратты.

Алжирлік басылымның мәліметіне қарағанда, босқындар өз баласын 1000 еуроға сатқан.

Тұтас тұзақ

АҚШ-тың қолдауымен миссионерлердің мүддесіне жұмыс істейтін Африкадағы ұйымдардың тұтас бір желісі осы қылмысқа қатысы бар деп танылды. Өткен жылы бұл тұзаққа малилік босқындар түскен болатын. Олардың балалары шоқындырылып, батыс елдеріне аттандырылған еді.

Тергеу-тексеру кезінде балаларды шетел асырумен екі адамның айналысқаны белгілі болды. Олардың біреуі – тегі мароккалық Голландия азаматы.

Осы қылмысқа байланысты Алжир ІІМ малилік босқындарға көмек ұсынған «West Assembly» миссионерлік ұйымның өтінішін қанағаттандырмады. Штаб-пәтері Бостонда орналасқан аталмыш ұйым Африка және Азия елдерінде протестанттықты белсенді түрде насихаттап келеді.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!