Грекияда су тасқынының салдарынан бір тұрғын көз жұмды

Фотография - Грекияда су тасқынының салдарынан бір тұрғын көз жұмды

Грекия астанасы Афиныда шелектеп жауған нөсер соңы тасқынға ұласып, бір адам қаза тапты. Апат салдарынан метро мен қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтады.

241 0

Грекия астанасы Афиныда шелектеп жауған нөсер соңы тасқынға ұласып, бір адам қаза тапты. Апат салдарынан метро мен қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтады.

Шаһардағы бірнеше күре жол жабылып, көлік қатынасын қиындатты. Кей аудандарда су деңгейі бір метрден асқан. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, күн райының қатаң мінезіне төтеп бере алмай, қала орталығында бір ғимарат қираған. Оқиғадан зардап шеккендер туралы нақты мәлімет түскен жоқ. Құтқарушылар тұрғындардың үйлерін судан тазартып, суды тартып шығарумен арпалысып жатыр. Адамдар жолда көліктерінен шыға алмай абыр-сабырға түсті. Көбінесе ғимараттардың бірінші қабаты және жертөлелер су астында қалған. Афинылықтар мұндай алапат тасқынды соңғы жарты ғасырда көрмеген екен. Соңғы келіп түскен деректер бойынша, Италияда да дәл осындай көрініс. Апат елдің Сицилия және Катания қалаларына ауыр соққы берді. Жергілікті әуежайларда көптеген рейс кейінге қалған.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!