АҚШ-та қоршаған ортаға қауіп төнді

Фотография - АҚШ-та қоршаған ортаға қауіп төнді

АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Хэнфорд кешенінен радиоактивті қалдықтар далаға төгілді

122 0

АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Хэнфорд кешенінен радиоактивті қалдықтар далаға төгілді. Штат губернаторы Джей Инсли тұрғындарды сабырға шақырып, адамдардың денсаулығына еш қауіп төнбегендігін жеткізді.

«Себебі, радиация деңгейі шамадан асқан жоқ» дейді ол. Алайда, АҚШ экологтары радиоактивті қалдықтар Колумбия өзеніне түсіп, елдің бүкіл солтүстік-шығысына зиян келтіруі мүмкін, деген пікірде. Кей деректерге қарағанда, улы заттардың төгілуі туралы ақпарат өткен аптада-ақ белгілі болған. Бірақ деректер жасырын ұсталған. Билік өкілдері енді ғана ақпарды жариялауға рұқсат берді. Айта кетейік, Хэнфорд кешенінде ядролық өнімдерден шыққан 200 миллион литрге жуық радиоакативті қалдық сақталған екен.


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!