Индонезиядағы жол апатынан 16 адам мерт болды

Фотография - Индонезиядағы жол апатынан 16 адам мерт болды

Бүгін Индонезияның Батыс Ява провинциясындағы жол апатынан 16 адам мерт болып, 10 адам ауыр жарақат алды.

317 0

Бүгін Индонезияның Батыс Ява провинциясындағы жол апатынан 16 адам мерт болып, 10 адам ауыр жарақат алды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС жергілікті полиция басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жүк көлігі жүргізушісінің бұрылыста көлікті басқара алмай қалғандығынан апат орын алды. Автокөлік жолдың қарсы бөлігіне шығып кетіп, шағын автобус пен бірнеше мотоциклді қағып кеткен. Одан кейін көлік бірнеше рет аударылып, жол жиегінде орналасқан тұрғын үйге соғылған.

Жүк көлігінің жүргізушісі «Сианджур дженерал» ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Төтенше жағдайдың себеп-салдарын тергеу басталды. Ақпарат bnews.kz сайтынан.


Тегтер:

апат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!