Перуде теңіз жануарлары жаппай қырылды

Фотография - Перуде теңіз жануарлары жаппай қырылды

Перуде жүздеген теңіз жануарының өлексесі табылды. Әзірге балықтардың жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз.

560 0

Перуде жүздеген теңіз жануарының өлексесі табылды. Әзірге балықтардың жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз. Мамандар 125 шақырым аумақты жіті тексеріп шықты.

Жергілікті билік тексеру барысында 18 тасбақа, 8 дельфин, 16 акула, 22 теңіз құсы және 20-дан астам теңіз арыстанын анықтаған. Қазір мамандар істің мән-жайын зерттеу үстінде. Жергілікті зерттеуші ғалым Хайме Де Ла Круздың сөзіне қарағанда, теңіз жануарларының жаппай қырылу себебі жақын арада белгілі болуы тиіс. Негізі соңғы екі жыл ішінде балықтардың өлу деректері көбейіп кеткен. Болжамдарға қарағанда, қауіпті індетке вирустар, мұнай қалдықтарының теңізге төгілуі немесе жануарлар қорегінің улануы себеп болған.

 


Тегтер:

апат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!