Иранда ұшқышсыз басқарылатын шетелдік ұшақ анықталды

Фотография - Иранда ұшқышсыз басқарылатын шетелдік ұшақ анықталды

Иранның әскери қызметкерлері елдің әуе кеңістігіне кірмекші болған ұшқышсыз басқарылатын шетелдік ұшақты анықтағаны туралы хабарлады.

117 0

Иранның әскери қызметкерлері елдің әуе кеңістігіне кірмекші болған ұшқышсыз басқарылатын шетелдік ұшақты анықтағаны туралы хабарлады.

Тегераннан хабарланғандай, ұшқышсыз басқарылатын ұшақ Иран қарулы күштерінің елдің оңтүстігінде оқу-жаттығулар өткізу барысында анықталды.

Радиоэлектрондық қарсы әрекет бөлімшесі ұшақтың орнын анықтап, оның навигациялық жүйесіндегі бақылауын басқарып, жерге қондырды, деп мәлімдеді Ислам революциясы Күзет Корпусының өкілі. Ол ұшақтың қай мемлекеттікі екенін нақтылаған жоқ.

Былтыр ұшырылғын осындай ұшақ АҚШ-тікі деген ақпарат тараған болатын.


Тегтер:

ұшақ ұшқышсыз

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!