Рауль Кастро Кубаның президенті болып қайта сайланды

Фотография - Рауль Кастро Кубаның президенті болып қайта сайланды

Рауль Кастро Куба Мемлекеттік кеңесінің төрағасы болып 2018 жылға дейінгі бес жылдық мерзімге қайта сайланды

145 0

Рауль Кастро Куба Мемлекеттік кеңесінің төрағасы болып 2018 жылға дейінгі бес жылдық мерзімге қайта сайланды.

Шетелдік БАҚ-тардың хабарлауынша, президенттік сайлау куба Ұлттық ассамблеясында жасырын дауыс беру жолымен өтті. Рауль Кастроның бірінші орынбасары бұрынғы жоғары білім министрі, 52 жастағы Мигель Диас-Канель болды.

Бұған дейін 612 мүшеден тұратын парламент өзіне жаңа төрағаны сайлады. Соңғы 20 жыл бойы заңнамалық жиналысты басқарып келген Рикардо Аларконы экономист Эстебан Ласо алмастырды. 75 жастағы Рикардо Аларко жалпы сайлау барысында сайлау тізіміне енгізілген жоқ.

81 жастағы Рауль Кастро Кубаның ұлттық көшбасшысы Фидель Кастроның інісі, ол ағасы науқасқа шалдыққанда мемлекет басшысының міндетін атқарушы болды. Рауль Кастро Мемлекеттік кеңесті ресми түрде 2008 жылы қолға алды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!