Мемлекеттік Дума Д.Медведевтің шетелде есеп-шот ашуына тыйым салды

Фотография - Мемлекеттік Дума Д.Медведевтің шетелде есеп-шот ашуына тыйым салды

РФ Мемлекеттік Думасы үкімет басшысы мен оның кабинет мүшелерінің шетелде есеп-шот ашуына тыйым салатын заңды бірінші оқылымда қабылдады.

235 0

РФ Мемлекеттік Думасы үкімет басшысы мен оның кабинет мүшелерінің шетелде есеп-шот ашуына тыйым салатын заңды бірінші оқылымда қабылдады. Сәйкес өзгертулер «РФ үкіметі туралы» федералдық конституциялық заңының 11-бабына енгізіледі, деп хабарлайды РБК. 

Заң РФ үкіметінің төрағасы, оның орынбасарлары, федералдық министрлер, олардың жұбайлары мен кәмелет жасына толмаған балаларының РФ аумағынан тыс жердегі банктерде есеп-шот ашуға, қаражат сақтауға, шет мемлекеттердің мемлекеттік құнды қағаздарына иелік етуге құқығы жоқ екенін қарастырады.

Осы тыйымның сақталуына бақылау РФ президентінің жарлығымен қарастырылған тәртіпте жүзеге асады. Ақпарат bnews.kz сайтынан.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!